Middle/Senior бизнес-аналитигі
Міндеттері:
- Бизнес-процестерге зерттеу жүргізу: талаптарды жинау мен талдау;
- Процесс схемаларын әзірлеу;
- Зерттеу туралы есептерді дайындау, ТТ, техникалық жобаларды әзірлеу мен келісу;
- Бекітілген функционалдық блок бойынша жұмыстарды жоспарлау;
- Әзірлеушілерге, дизайнерлерге тапсырма беру;
- Ақпараттық жүйені орнату;
- Функционалдылықты тексеру;
- Пайдаланушы нұсқаулықтарын әзірлеу.
Қойылатын талаптар:
- Аналитика саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибенің болуы;
- IT-жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы;
- Бизнес-талдау әдіснамасын білу;
- Ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттарды білу;
- Талаптарды басқару процестерін білу;
- Жалпы БҚ әзірлеу процестерін білу;
- Аналитикалық ойлау қабілеттің болуы, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және шешімдерді ұсына білу
- Microsoft (Excel, Project, Word, PowerPoint), draw.io, Figmа - мен жұмыс істеу тәжірибенің болуы;
- Процестерді сипаттау белгілерін білу (UML/BPMN);
- Сауатты ауызша сөйлеу және жазу;
- Келіссөздер жүргізуді және ресми хат жазуды білу;
- ІТ саласында сертификаттың болуы;
- Интеграциялық өзара іс-қимылдармен, атап айтқанда, ЭҮШ-пен жұмыс істеу тәжірибесі.
Компания төмендегілерді ұсынады:
- қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін жоғарылату курстарынан өткізу (соның ішінде халықаралық стандарттар бойынша);
- 2 (екі) лауазымдық жалақы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына денсаулықты сауықтыруға арналған жәрдемақы;
- заманауи және ыңғайлы кеңсе;
- елорданың барлық аудандары арқылы жүретін қызметтік автобустармен таңертең және кешке тасымалдау.
Шарттар:
Жұмыс жағдайы:
- жалақы мөлшері әңгімелесу барысында талқыланады;
- жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, 5/2.
Түйіндемеңізді hr@nitec.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
Region:
Астана
Leave a request and we will contact You!