Ақпараттық хабарлама
Виртуалды инфрақұрылымның қолайлы жұмысын қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы 13 маусым сағат 01:00-ден 4:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Келесі жобалар қолжетімді болмауы мүмкін:
- eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
- eGov Mobile мобильді қосымшасы;
- халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
- мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы;
- «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ бірыңғай байланыс орталығы
және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар.