Skip to main content

Жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру қызметі толықтай онлайн форматқа көшеді

Жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру қызметі толықтай онлайн форматқа көшеді

2026 жылдың 12 шілдесінен жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру жөніндегі мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) көрсетілмейді. Енді мемлекеттік актіні рәсімдеуге өтінімді тек eGov.kz порталы арқылы ғана беруге болады. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес күшіне енеді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

13 шілдеден бастап eGov Mobile мобильді қосымшасы мен eGov.kz порталында білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады. Құжаттарды онлайн түрде 13 шілде сағат 09:00-ден 20 шілде сағат 18:00-ге дейін тапсыруға болады. Биыл қызмет жаңартылды. Енді жүйе талапкерге мемлекеттік білім беру грантының конкурстан тыс тағайындалғанын автоматты түрде тексереді.

eGov Business қосымшасында заңды тұлғаның үлесін сенімгерлік басқаруға беру қызметі енді қолжетімді

eGov Business қосымшасында заңды тұлғаның үлесін сенімгерлік басқаруға беру қызметі енді қолжетімді

eGov Business мобильді қосымшасында кәсіпкерлерге арналған «Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру» атты жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды.

Сенімгерлік басқару қызметі меншік иесі өз үлесіне құқығын сақтай отыра, уақытша басқа тұлғаның басқаруына берген жағдайда қолданылады. Барлық өзгерістер ресми түрде рәсімделіп, мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде тіркеледі.

eGov Business қосымшасы арқылы қызметті алу үшін: