Skip to main content

Электрондық паспорт жүйесінің ұлттық операторы қызметтері

Электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторының (ұлттық әкімшісінің) құзыретіне төмендегілержатады:

  • электрондық паспорттар жүйесін пайдалануды жүзеге асыру;
  • электрондық паспорттар жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • электрондық паспорттар жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
  • электрондық паспорттар жүйесінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;
  • электрондық паспорттар жүйесін мемлекеттік цифрлық жүйелермен, сондай-ақ мақсаты ұқсас шет мемлекеттердің цифрлық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ету;
  • электрондық паспорттар жүйесінің әкімшісімен және қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау;
  • көлік құралының электрондық паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен оларға ақы төлеу тәртібін айқындау және оларға өзгерістер енгізу;
  • көлік құралының электрондық паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу үшін қажетті және уәкілетті орган, кеден ісі саласындағы, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтерді жинауды ұйымдастыру;
  • индустриялық даму саласындағы, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы, кеден ісі саласындағы, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органдардың және жергілікті атқарушы органдардың сұрау салулары бойынша көлік құралдарының электрондық паспорттарында (көлік құралдары шассиінің паспорттарында) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарында кез келген мәртебесімен қамтылған мәліметтерді мемлекеттік міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында ғана пайдалану үшін толық көлемде және ақы алмай ұсыну;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторының (ұлттық әкімшісінің) қызметтерін көрсету Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ «Жол жүрісі туралы» Заңының 71-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 270 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.