Skip to main content

ХАБАРЛАНДЫРУ (2024.01.22 - 2024.02.02)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) конкурсына құжаттар қабылдайтынын жариялайды.

Жұмыс тобының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №1 отырысының шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамы 10 (он) мүше санында белгіленді, олардың 7 (жеті) мүшесі коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасынан конкурстық негізде сайланады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде төмендегі құжаттарды қызметкердің қолына береді немесе төменде көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді:

  1. Қоғамдық кеңес құрамына кандидатура ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың еркін нысанда жасалған өтініші (4 және 5-қосымша);
  2. Кандидаттың өмірбаянымен қоса, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (6-қосымша);
  3. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  4. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларының (ауруларының), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Кандидаттардың құжаттары:

Электрондық почта адресі:ramazan.atykhan@nitec.kz.

Хаттың тақырыбында «ҰАТ» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшесі екенін көрсету;.

Пошта мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15. «ҰАТ» АҚ

Байланыс телефон нөмірі: +7 7172 701665 (6237).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін