Skip to main content

Қызметтер

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы (бұдан әрі – ЭҮ АКИ операторы) болып айқындалды.

ЭҮ АКИ операторы келесі қызметтерді ұсынады:

  • «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен аппараттық-бағдарламалық кешендеріне) жүйелік-техникалық қызмет көрсету және сүйемелдеу қызметтері;
  • Мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер:
  • Виртуалды машинаны бөлу қызметі (хостинг);
  • Деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) Data-center as a Service, DCaaS, co-location;
  • Байланыс қызметтері (мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (МО БКО) арқылы сымсыз/спутниктік/жерүсті инфрақұрылым базасында виртуалды жеке желілерді ұйымдастыру, Интернетке қол жеткізу, IP - телефония, желіаралық қорғауды ұйымдастыру);
  • Бейнеконференцбайланыс сеанстарын өткізуді ұйымдастыру қызметі;
  • Онлайн көрсетілімді өткізуді ұйымдастыру қызметі;
  • Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қорғалған байланыс арналарын ұйымдастыру қызметі;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсыну бойынша ақпараттық-коммуникациялық қызметті әкімшілендіру;
  • Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін резервтеу бойынша ақпараттық-коммуникациялық қызметті іске асыру үшін аумақтық қашықтықтағы объектіде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
  • Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін резервтік көшіру бөлігінде резервтеу бойынша қызметі;
  • Мемлекеттік органдарының электрондық пошталық сервисі;
  • «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі;
  • Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы;
  • Сервистер витринасы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық шлюзін сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету қызметі;
  • Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қолдап отыруды және оларға жүйелі-техникалық қызмет көрсету қызметі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның көрсетілетін қызметтері

niteckz