Skip to main content

«ҰАТ» АҚ және NIA ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ынтымақтасатын болады

Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Корея Республикасының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жұмыс жасайтын National Information Society Agency (NIA) компаниясымен 3 жыл мерзімге ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қол қою рәсімі «Digital Almaty 2023» V Халықаралық форумының алаңында өтті. Келісімге «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин мен NIA Президенті Хван Чон Сон қол қойды.

Екі елдің АКТ және ақпарат пен коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық жетістіктерін ескере отырып, Келісім тараптарға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тиісті тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бірлесіп дамытуды, жасанды интеллектті пайдалануды, сондай-ақ бұлтты шешімдер, ашық деректер, үлкен деректер сияқты салаларды көздейді.

«Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады және әлемдік экономиканы дамытудың өмірлік маңызды ынталандыруына айналуда, осыған байланысты технологияларды тиімді пайдалану және қазақстандықтарға сапалы IT өнімдерді ұсыну қажет. Бұған дейін «ҰАТ» АҚ ұжымы NIA-ға өз жобалары мен шешімдерін таныстырған болатын, біз олардың шешімдерін де білеміз, сондықтан бұл мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау тәжірибесімен және өнімдермен өзара тиімді алмасу болады»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

NIA экономика мен қоғамды дамыту, мүдделерді ілгерілету және серіктес елдермен достық қарым-қатынасты нығайту бойынша түрлі жобаларды жүзеге асырады. Серіктестер арасында Мексика, Чили, Түркия, Вьетнам, Оңтүстік Африка, Бразилия, Колумбия және т. б. елдер бар.

Айта кетейік, «Digital Almaty 2023» Халықаралық форумында іс-шара қонақтарына «ҰАТ» АҚ жобалары, атап айтқанда «Smart Data Ukimet» жобасы және eGov Mobile мобильді қосымшасы ұсынылады.

Бүгінгі таңда eGov Mobile-да 677 мемлекеттік қызмет бар, оның ішінде 203-і eGov.kz порталының қызметтері пен сервистері, 474-і жеке тұлғаларға арналған e-license порталының қызметі. Ай сайын мобильді қосымшаны 2,4 млн. қазақстандық белсенді пайдаланады және айына 50 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Smart Data Ukimet - мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған ақпараттық-талдау жүйесі. Бүгінгі таңда Smart Data Ukimet-те мемлекеттік деректер базасының 80-ге жуық көшірмесі бар.

 

Natinal Information Society Agency