Кадр саясаты
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Кадр саясаты – персоналды басқарудың біртұтас ұзақ мерзімді стратегиясы, жоғары білікті персоналынан тұратын еңбек ресурстарына Қоғамның қажеттілігін толық және уақытылы қанағаттандыру оның негізгі мақсаты болып табылады.
Кадр саясаты компанияның стратегиясына негізделген – Команда: біздің қазіргі және болашақ жетістігіміз – бұл біздің кәсіби, жауапты және ұйымшыл команданы, білімін және технологияны тиімді қолдананатын команданы, сөзінде тұратын және биікті үнемі бағындыратын команданы, әрбір мүшесі ортақ мақсаттарға бағыт алудың ішкі қабілетіне және нәтижеге қол жеткізу үшін жоғары ішкі уәждемеге ие команданы қалыптастыратын барлық адамдарымыздың ортақ жетістігі.
Кадр саясаты Қоғамды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметінің барлық түрлері бойынша білікті персоналмен қамтамасыз етуге арналған. Біздің артықшылығымыз – жұмыскерлердің кәсібилігін сақтау және арттыру, оны заманауи стандарттарға сәйкестенетін жоғары деңгейде ұстау.
Кадр саясатының негізгі міндеттері:
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің кадр саясатын оңтайландыру мен тұрақтандыру;
- Қоғам жұмыскерлерін ынталандырудың тиімді жүйесін құру мен дамыту;
- Қоғамда ұйымдық тәртіпті құру мен қолдау, еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту;
- мамандар мен басқарушыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру мен дамыту;
- Қоғамның корпоративтік мәдениеті мен этикасын қалыптастыру мен нығайту.
Қызметкерлерді іздестіру кезінде түрлі коммуникациялық арналар қолданылады:
- Қоғамның веб-сайтында, корпоративтік порталда, мамандандырылған Интернет-ресурстарда хабарландырулар орналастыру;
- жұмыспен қамту агенттіктеріне жүгіну;
- Компанияға тұрақты келіп тұратын түйіндемелердің деректер қорынан іздестіру.
Қызметкерлерді іріктеу туралы шешім қабылдау
- Басқарма төрағасының немесе Басқарма төрағасы орынбасарының іріктеуден сәтті өткен кандидатты жұмысқа қабылдау туралы шешімі;
- Еңбек қатынастарын ресімдеу;
- Еңбек шартын жасау және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығару.