Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметінің даму рейтингісінде өз позициясын едәуір жақсартып, 193-тен 24-орынға ие болды
Қазақстан 4 орынға жоғары көтеріліп, UN Global e-Government Development Index жаһандық рейтингіде 193-тен 24-ші орынды, сондай-ақ теңізге шыға алмайтын дамушы елдер арасында бірінші орынды иеленді. БҰҰ сарапшылары қазақстандық электрондық үкіметтің тиімділігін және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдалануды жоғары бағалады. Сонымен қатар сарапшылар Egov электрондық үкімет порталын, сондай-ақ «ҰАТ» АҚ операторы болып табылатын E-License және Smart Data Ukimet жобаларын ерекше атап өтті.
E-Government Survey 2024 есебінің деректеріне сәйкес, электрондық үкіметті дамыту бойынша көшбасшылардың бірінші үштігіне сәйкесінше 1, 2 және 3 позицияларда орналасқан Дания, Эстония және Сингапур кірді. Қазақстан рейтингіде Швейцария мен Түркия сияқты елдерден озып кетті. Бұл БҰҰ рейтингісіне қатысу тарихындағы Қазақстанның үздік көрсеткіштерінің бірі.
Жарияланған есептің қорытындысы бойынша Қазақстанның негізгі нәтижелері:
- Қазақстан цифрлық үкіметтің даму индексі өте жоғары елдер тобында (E-Government Development Index) және 193 елдің ішінде 24-ші орында. Қазақстаннан кейін рейтингіде Уругвай (25-ші орын), Швейцария (26-шы орын), Түркия (27-ші орын), Франция (34-ші орын), Қытай (35-ші орын), Канада (47-ші орын) орналасты. 2022 жылы Қазақстан осы рейтингіде 28-ші орынды иеленгенін айта кету керек.
- Қазақстан әлемдік рейтинг көшбасшылары – Оңтүстік Корея, Дания және Эстониямен қатар онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша 10-шы орынды иеленді. Ол сондай-ақ Қытай, Германия және Австралиядан озып, осы саладағы алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кірді.
- Қазақстан Ресей Федерациясынан (43-орын), Армениядан (48-орын), Өзбекстаннан (63-орын) және Әзірбайжаннан (74-орын) озып, ТМД елдері арасында көшбасшылықты жалғастыруда.
- Қазақстан EGDI 0.9009 индексімен теңізге шыға алмайтын елдер арасында 1-ші орында. Одан кейін Моңғолия, Армения және Өзбекстан.
- Қазақстан телекоммуникациялық инфрақұрылым индексі (TII) бойынша өз позициясын едәуір жақсартып, 23 позицияға көтеріліп, 41-ші орынға ие болды.
Сондай-ақ, есепте Қазақстан цифрлық инфрақұрылымға белсенді инвестициялау және жасанды интеллект, блокчейн және Заттар интернеті (IoT) сияқты озық технологияларды енгізу арқылы цифрлық трансформация саласында айтарлықтай прогреске қол жеткізгені атап өтілді. Бұл бастамалар мемлекеттік қызметтерді басқару мен көрсетуді түбегейлі өзгертті, соның ішінде E-License және Smart Data Ukimet сияқты шешімдердің арқасында бұл оларды қолжетімді және ашық етті.
БҰҰ электрондық үкіметінің даму деңгейі бойынша елдердің рейтингісі бар («The United Nations E-Government Survey: e-Government for the People») екенін естеріңізге сала кетейік, ол 193 елдегі ұлттық мемлекеттік құрылымдардың азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдаланудағы дайындығы мен мүмкіндіктерін бағалайды. Зерттеу әртүрлі елдердегі электрондық үкіметтің даму деңгейі туралы деректерді, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың АКТ пайдалану тенденцияларын жүйелі бағалауды қамтиды. БҰҰ 2 жылда бір рет электрондық үкіметтің (e-Government Development Index) даму деңгейі бойынша әлем елдерінің зерттеулерін және оларға ілеспе рейтингісін жариялайды.