Skip to main content

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалары Қырғыз Республикасында таныстырылды

Бішкек қаласында Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитеті пен Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі арасында «Таза Коом» ұлттық цифрлық трансформациялау бағдарламасы мен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша екі күндік кездесу өтіп жатыр.

Іс-шара Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары К.Т. Шатемировтің құттықтау сөзімен және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар Вице-министрі Д.Р. Щеглованың қатысуымен ашылды.

Сондай-ақ, Қазақстан делегациясы құрамында «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері және 30 IT-компаниялардың өкілдері қатысты, онда олар Қырғыз Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен жеке компанияларға 80 аса жобалар көрсетті.

Сонымен қатар іс-шараның қатысушыларына  «Цифрлы Қазақстан» МБ мен Astana Hub Халықаралық технопарк тұсаукесері ұсынылды.

«Үлкен деректер» моделдерін, бұлыңғыр технологияны, АКТ секторындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері мен электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізуді жүзеге асыру бойынша тараптар өзара тәжірибелерімен алмасты.

Екі жақты кездесу барысында «Электрондық үкімет» инфрақұрылымның ұлттық операторы тарапынан – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б.А. Қасабек сөз алып, қазақстандық «электрондық үкіметті» құру және дамыту тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, eGov.kz порталы қосылған сәттен бастап, оның құрылуын, инфрақұрылымын және қол жеткізген нәтижелерінің кезеңдері туралы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысы туралы баяндады.

Халық тұрмысын жақсарту мақсатында іске қосылған жобалар, оның ішінде  «ҰАТ» АҚ инвестициялық жобасы – «Е-нотариат» (4230-дан аса нотариустармен қызмет көрсетіледі), «Техникалық қарап тексеру» (бұл жүйеге 767 техникалық қарап тексеру операторы қосылған), «Е-лицензиялау» жобалары ерекше атап өтілді.

Қазақстанда 2012 жылдан бастап  қызметтің  барлық түрлеріне электрондық лицензиялау арқылы  100% лицензия берілетінін атап өткен жөн. Бүгінгі күні

«Е-лицензиялау» жобасы бойынша 319 рұқсат құжаттары мен 80 лицензия

қолжетімді. 

«Е-лицензиялау» Қазақстанның барлық азаматтарына үйден шықпай-ақ онлайн режимде лицензиялар мен рұқсат құжаттарды алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе республиканың шалғай өңірлерінің тұрғындары үшін аса маңызды.

Лицензия немесе  рұқсат құжатты алу үшін әртүрлі  мемлекеттік органдардан алынатын анықтамалар мен құжаттардың орнына электрондық лицензиялау порталында бір ғана онлайн-сұрау салу талап етіледі.

Барлық мерзім ішінде 221 461 лицензия2 825 273 рұқсат құжаты берілді. Тек осы жылдың басынан бастап маусымның ортасына дейін ғана 376 088 лицензия берілді.

Қырғыз тарапы осы жоба бойынша ынтымақтастыққа мүдделі екенін көрсетіп,  рұқсат ету құжаттарын енгізудегі қазақстандық тәжірибені баса атап өтті.

Осы екі күндік іс-шараны өтуі барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиевтің және Қырғыз Республикасының Вице-Премьер-министрі К.А. Бороновтың қатысуымен екі жақты қарым-қатынастардың басым бағыттары айқындалады және қорытындысы шығарылатын болады.

Сондай-ақ келешекте жекелеген ведомстволар мен ұйымдар арасындағы екі байланыстар аясында, цифрландыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде де ортақ жобаларды одан әрі дамытуы мен енгізуі үшін екі елдің мемлекеттік органдары мен ұйымдары және АТ-компаниялары өкілдері арасындағы өзара коммуникация мен қатынастарды жолға қою мен дамыту мәселесі жоспарланып отыр.