Жетім баланы асырап алуға байланысты ақшалай төлем алуға өтініш беру енді оңай
«Электрондық үкімет» порталы арқылы жетім баланы және/немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындауға өтініш беру енді оңай.
"Біз бұл процесті барынша жеңілдетуге тырыстық және енді төлемді алу үшін тек негізгі мәліметтерді енгізу қажет. Тағайындалған төлем сомасы көрсетілген жауап немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне келіп түседі. Бұл қызметте бала туралы ұсынылған деректерді, банк шоты туралы деректерді тексеру сыртқы ақпараттық жүйелерден жүргізіледі. Бұл бұрын болмаған жаңашылдық. Аталған жаңартулар қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартты"-деп түсіндірді «ҰАТ»АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Көрсетілген қызметті алу үшін порталға eGov.kz кіру және «Отбасы» қосымша бетін таңдау. «Бала»бөлімінде «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» көрсетілетін қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту. Содан соң бала асырап алу туралы сот шешімі туралы мәліметтерді, баланың ЖСН және бала асырап алушының (өтініш берушінің) атына екінші деңгейдегі банкте ашылған жеке шоттың нөмірін енгізу қажет, содан соң қызметті смс-пароль немесе ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Сонымен бірге, қызмет жергілікті атқарушы органдар қалалар Нұр - Сұлтан, Алматы және Шымкент, сондай-ақ облыстар мен облыстық маңызы бар қалалар.
Қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.