Қазақстандықтар анықтаманы танымал мессенджерлер арқылы ала алады
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов қазақстандықтар анықтамалық ақпарат пен түрлі анықтамалар ала алатын танымал әлеуметтік желілердегі сұхбат-боттарды таныстырды. Қыркүйек айында НИТ компаниясы жаңартылған Телеграмм-бот және Facebook пен ВКонтакте-де чат-боттарын іске қосты.
Әсет Тұрысов мессенджерлерде түрлі анықтамаларды қалай оңай алуға болатынын егжей-тегжейлі айтып берді.