DevOps және AI Community: кәсіби өсу мен инновациялар алаңы
DevOps және AI Community – бұл мамандарды, студенттер мен салалық сарапшыларды біріктіретін кәсіби қауымдастық. Қауымдастық DevOps және AI бағыттарын қамтиды, қатысушыларға өз дағдыларын дамытуға, практикалық міндеттерді шешуге және білім алмасуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта қауымдастықта 260 қатысушы бар.
Қатысушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер
Қауымдастыққа қосылу арқылы сіз мыналарға қол жеткізе аласыз:
- Нақты кейстерді шешу. Жақын арада қауіпсіз тестілеуге арналған Sandbox іске қосылады, бұл қатысушыларға біздің жоғары жүктемелі IT-жүйелеріміздің практикалық міндеттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- Әріптестермен және сарапшылармен бірлескен жобаларға атсалысасыз, онда жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс жүргізіледі.
- Оқыту бағдарламаларына, воркшоптар мен хакатондарға қатыса аласыз, бұл DevOps және AI-дың заманауи әдістерін тереңірек меңгеруге көмектеседі.
- Кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі боласыз, онда тәжірибе алмасып, пікірлес адамдарды табуға мүмкіндік бар.
Негізгі бағыттар
DevOps
- CI/CD процестерін автоматтандыру
- Контейнерлеу және инфрақұрылымды басқару тәжірибелері
- Жұмыс процестерін және инженерлік шешімдерді оңтайландыру
MLOps & AI
- QazTech платформасында AI-сервистерін әзірлеу және енгізу
- Машиналық оқыту модельдерін орналастыру және мониторинг процестерін автоматтандыру
- Кеңістіктік деректермен, Big Data және ML алгоритмдерімен жұмыс істеу
Ынтымақтастыққа ашықтық
Қауымдастық кәсіби дамуға ұмтылатын, күрделі технологиялық міндеттерді шешуге және инновациялық шешімдерді енгізуге дайын жандар үшін құрылған. Біз серіктестік пен бірлескен жұмыс арқылы қатысушылардың дамуына және заманауи технологияларды игеруіне ықпал ететін білім экожүйесін қалыптастырамыз.
Қауымдастыққа қосылу туралы сұрақтар бойынша бізге +7 (7172) 70 16 65 ішкі 4225, ішкі 4223 нөмірі арқылы хабарласуға болады.