2025–2027 HR стратегиясы
HR-функциясы стратегиялық бастамалар мен трансформациялар арқылы оның тұрақты дамуын қолдай отырып, бизнестің ажырамас бөлігіне айналады. Алдағы үш жылда біз инновациялық тәсілдерді енгізу және өнімді корпоративтік мәдениетті құру арқылы HR-дің негізгі серіктес ретіндегі рөлін күшейтеміз.
Болашақтың сын-қатерлерінен оза отырып, біз HR стратегиямызды қайта қарап, процестерді цифрландыру, жұмыскерлерді дамыту және корпоративтік құндылықтарды нығайтуға баса назар аударамыз.
Стратегиямыздың негізі – бизнестің тиімділігі мен адамдарға деген қамқорлық арасындағы тепе-теңдік. Біз HR процестерін автоматтандырамыз, құзыреттілік модельдерін дамытамыз және өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын енгіземіз. Бұл жұмыскерлердің өсіп, дамуына және ортақ іске үлес қоса алатын жұмыс ортасын құруға мүмкіндік береді.
HR бастамалары жұмыскердің өмірлік циклінің барлық аспектілерін қамтиды: бейімделуден бастап мансаптық өсуге дейін. Біз Performance Review процесін кеңейтіп, икемді әлеуметтік жеңілдіктерді енгізіп, тәлімгерлік бағдарламаларын күшейтеміз. HR чат-боттары мен аналитика сияқты жаңа цифрлық шешімдер бізге өзара әрекеттестіктің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Біздің мақсатымыз – жұмыскерлердің белсенділігіне, жауапкершілігіне және инновацияға негізделген корпоративтік мәдениет қалыптастыру. Біз адамдар өздерінің маңыздылығын сезінетін, ал бизнес ынталы әрі кәсіби мамандарды иеленетін орта құрамыз.