«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алқа мәжілісінде өзінің жобаларын көрсетті.
Smart Bridge, МО ИРБП, egov mobile және әлеуметтік желілердегі чат-боттар сияқты жобалар алқа қатысушыларына көрсетіліп, оң пікірлер алды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов автоматтандыру және электрондық түрдегі қызметтер санын арттыру есебінен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.