Skip to main content
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ForteBank эквайрингінің көмегімен де төлеуге болады

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ForteBank эквайрингінің көмегімен де төлеуге болады

    "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ енді "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінде (ЭҮТШ) ForteBank эквайрингі арқылы банктік  картамен төлеу қызметі қолжетімді екенін хабарлайды. Бұл сервисті "ҰАТ" АҚ ForteBank екінші деңгейдегі банкімен бірлесіп әзірледі.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді төлеу үшін "электрондық үкімет" веб-порталында қызметке тапсырыс беру жеткілікті, бар болғаны ЭҮТШ бетінде ForteBank эквайрингін таңдау қажет. Қызметтерді төлеу үшін кез келген қазақстандық банктің Visa, Master Card, Maestro, Visa Electron төлем карточкасы болу керек.

  • Мемлекеттік қызметтерді, салықтар мен айыппұлдарды Kaspi.kz ұялы-банкингі арқылы төлеуге болады

    Мемлекеттік қызметтерді, салықтар мен айыппұлдарды Kaspi.kz ұялы-банкингі арқылы төлеуге болады

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ағымдағы жылдың 4 наурызынан бастап «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (ЭҮТШ) «Kaspi.kz» танымал мобильдік қосымша арқылы комиссиясыз ыңғайлы төлем жасау тәсілі қол жетімді екендігін хабарлайды.

    Енді мемлекеттік қызметтерді және бюджетке түсетін басқа да төлемдерді жүзеге асырудың осы әдісін пайдалану үшін Egov Mobile, eSalyq mobile мобильді қосымшаларында қызметке тапсырыс беріп, содан соң ЭҮТШ бетіндеKaspi.kzтөлем тәсілін таңдау жеткілікті.

  • Мемлекет Басшысы үлкен деректерді жинау, талдау және болжаудың бірыңғай орталықтандырылған құралымен таныстырылды

    Мемлекет Басшысы үлкен деректерді жинау, талдау және болжаудың бірыңғай орталықтандырылған құралымен таныстырылды

    2020 жылғы 4 наурызда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды цифрландыру жөнінде кеңес өткізді, оның барысында «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі көрсетілді.

    Бүгінгі таңда 10 жеке кейс іске асырылып, мемлекеттік органдардың 41 ақпараттық жүйесі қосылды. Жыл соңына дейін олардың санын 100-ге дейін арттыру және барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді алу мен көрсетуді автоматтандыру жоспарланып отыр.

  • «Электрондық үкімет» порталында жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистер пайда болды

    «Электрондық үкімет» порталында жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистер пайда болды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкімет» порталында жаңа көрсетілетін қызметтер мен сервистердің іске қосылуы туралы хабарлайды.

    Енді, азаматтар «электрондық үкімет» порталы арқылы төтенше жағдай кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлемақы алуға, сондай-ақ жұмыссыз азаматты тіркеуге өтініш бере алады.

    Бұған қоса, жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді іске асыру кезінде оларды алудың кейбір процестерін де оңайлаттық.