Skip to main content
  • COVID-19 симптомдарын алдын ала анықтауға арналған онлайн сауалнаманы eGov Mobile қосымшасында өтуге болады

    COVID-19 симптомдарын алдын ала анықтауға арналған онлайн сауалнаманы eGov Mobile қосымшасында өтуге болады

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Электрондық үкімет» порталының eGovMobile қосымшасында медициналық мекемеге жүгінбестен, COVID-19 белгілерін алдын-ала анықтау үшін онлайн-сауалнамалық қызметті енгізді.

    Коронавирус белгілерін өздігінен диагностикалаудың онлайн қызметі eGovMobile басты бетінде, «COVID-19 белгілері бойынша сауалнама» жеке батырмасы түрінде орналасқан және үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) қол жетімді.

  • Төтенше жағдай кезінде қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер танымал болып қалады? («42500» және ЭЦҚ қоспағанда)

    Төтенше жағдай кезінде қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер танымал болып қалады? («42500» және ЭЦҚ қоспағанда)

    Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар 8,2 миллионнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін алды. Оның ішінде Электрондық цифрлық қолтаңбаны онлайн алу және «42500 жәрдемақы алуға»  өтінім беру қызметтері неғұрлым  танымал болып отыр.

    Алайда,  азаматтар арасында әлі де сұранысқа ие болып отырған басқа да бірқатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бар.

    Біз ең танымал деген мемлекеттік  көрсетілетін қызметтерге, оларды қалай алу туралы қысқаша ақпарат бере отырып, шолу жасаймыз.

  • Шетелде жүрген қазақстандықтар 1414 тегін қоңырау шала алады

    Шетелде жүрген қазақстандықтар 1414 тегін қоңырау шала алады

    Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары енді 1414 Бірыңғай байланыс орталығының операторымен онлайн-аудиожазба арқылы байланыса алады.

    1414 тегін қоңырау шалу үшін пайдаланушы egov.kz порталға кіріп, төменгі оң жақ бұрышта «Виртуалды кеңесші» виджетін басу қажет. Қалқымалы терезеде құлаққап түріндегі белгіге басып, қоңырау шалу қажет.

    Виртуалды кеңесші арқылы оператормен байланыс жасау үшін микрофон мен құлаққап болуы қажет.

  • Жер қатынастары саласындағы 3 жаңа қызметті онлайн алуға болады

    Жер қатынастары саласындағы 3 жаңа қызметті онлайн алуға болады

    Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау, жай-күйі туралы мәлімет алу және жобаланатын жер учаскесінің жоспарын келісуді eGov.kz порталында, үйден шықпай-ақ алуға болады.

    Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушы порталға кіріп, «Жылжымайтын мүлік» салымында үш қызметтің бірін таңдау қажет. Содан соң порталда көрсетілген қадамдық процеске сәйкес өтінімді авторландыруу және толтыру қажет.