Skip to main content
  • Elicense.kz порталы мен «Отбасы банк» АҚ қызметтерін eGov QR арқылы алуға болады

    Elicense.kz порталы мен «Отбасы банк» АҚ қызметтерін eGov QR арқылы алуға болады

    EGov Mobile мобильді қосымшасындағы eGov QR-ді жеке тұлғалар Е-лицензиялау порталында жұмыс істеген кезде пайдалана алады. Сондай-ақ otbasybank.kz порталында жалға алуды субсидиялауға өтінім беру кезінде деректерді жинауға және өңдеуге және enpf-otbasy.kz платформасында сыртқы аударым операциялары кезінде құжаттарға қол қойған кезде eGov QR-ды пайдалануға болады.

    eGov QR – құжаттарға қол қою процесін жеңілдететін балама әдіс. Оны пайдалану қажетті құжатқа жылдам қол жеткізуге және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде қол қоюға көмектеседі.

  • Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға арналған сервис eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

    Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға арналған сервис eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

    Жаңа сервис шетелдік нөмірлік белгілері бар көлік құралын заңдастыруға рұқсат алуға мүмкіндік береді. Электрондық үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында аталмыш сервис жеке тұлғалар үшін 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап 1 шілдеге дейін қолжетімді болады.