Skip to main content
  • «ҰАТ» АҚ Көлік құралдарын әкелуге қатысты ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

    «ҰАТ» АҚ Көлік құралдарын әкелуге қатысты ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР ақпараттық жүйелері мен ЕЭК Кеңесінің шешімімен айқындалған Электрондық паспорт жүйелерінің әкімшісі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды.

    Осы келісім аясында:

    - Электрондық паспорттармен алмасу;

    - Автомобильдерді тіркеу, ЕАЭО құқығымен белгіленген қандай да бір шектеулердің болуы туралы мәліметтер алмасу;

  • eGov.kz порталында 270 нысаны бойынша декларация тапсыруға болады

    eGov.kz порталында 270 нысаны бойынша декларация тапсыруға болады

    Ағымдағы аптаның соңында Қазақстанда кірістер мен мүлік туралы электрондық декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталады. Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 н.) eGov.kz порталының көмегімен ұсына алады.

  • Қазақстандықтар eGov.kz порталының көмегімен банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады

    Қазақстандықтар eGov.kz порталының көмегімен банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады

    Енді ҚР азаматтары eGov.kz порталындағы көрсетілетін қызметтің көмегімен банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады.

    Сервисті пайдалануға тек азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым салу мерзімсіз уақытқа қойылады. Сондай-ақ, пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін eGov.kz порталында қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет.

  • Заңды өкілдер енді eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдардың мүлкі туралы анықтама ала алады

    Заңды өкілдер енді eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдардың мүлкі туралы анықтама ала алады

    Кәмелетке толмаған балалардың, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдері енді eGov.kz порталының көмегімен жылжымайтын мүліктің бар екені және оған тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама ала алады. Бұл қызмет жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді алу процесін едәуір жеңілдетеді және оларды әртүрлі санаттағы азаматтар үшін едәуір қолжетімді етеді.

  • Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметінің даму рейтингісінде өз позициясын едәуір жақсартып, 193-тен 24-орынға ие болды

    Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметінің даму рейтингісінде өз позициясын едәуір жақсартып, 193-тен 24-орынға ие болды

    Қазақстан 4 орынға жоғары көтеріліп, UN Global e-Government Development Index жаһандық рейтингіде 193-тен 24-ші орынды, сондай-ақ теңізге шыға алмайтын дамушы елдер арасында бірінші орынды иеленді. БҰҰ сарапшылары қазақстандық электрондық үкіметтің тиімділігін және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдалануды жоғары бағалады. Сонымен қатар сарапшылар Egov электрондық үкімет порталын, сондай-ақ «ҰАТ» АҚ операторы болып табылатын E-License және Smart Data Ukimet жобаларын ерекше атап өтті.

  • Балалар мен қабілеті шектеулі азаматтардың қамқоршылары eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдарды емханаға тіркей алады

    Балалар мен қабілеті шектеулі азаматтардың қамқоршылары eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдарды емханаға тіркей алады

    Мемлекеттік қызметтің функционалын кеңейту қамқоршыларға балаларын және он сегіз жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарды емханаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Цифрлық мемлекеттік қызмет көрсетудің инклюзивті тәсілі әртүрлі санаттағы азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етеді.

  • eGov.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтер жаңартылды

    eGov.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтер жаңартылды

    Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады. Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қаражатын алу үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында «кедергісіз орта» құру азаматтардың әртүрлі санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып Баян Қоңырбаев сайланды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып Баян Қоңырбаев сайланды

    Бүгін Директорлар кеңесінің шешімімен Баян Қайратұлы Қоңырбаев «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды.

    Баян Қоңырбаев 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Оның 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 10 жылдан астам басшылық лауазымдарда және IT-инфрақұрылымда бес жылдан астам қызмет етті. SP3 PE (Charterholder, APMG) АҚШ сертификатталған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік маманы.