Ақпараттық хабарлама
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "Е-нотариат" бірыңғай ақпараттық жүйесі мен «Техникалық байқау" бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі- Жүйелер) уақытша қолжетімсіздігі туралы хабарлайды.
Аталған Жүйелер шетелдік ресурстардан келген көптеген DDoS шабуылдарға байланысты "Қазақтелеком" АҚ провайдері жағында шектелгендіктен уақытша қолжетімсіз болады.
Қазіргі уақытта провайдермен бірлесіп күшейтілген жұмыс жүргізілуде.
Жүйелердің жұмысқа қабілеттілігі туралы қосымша хабарлаймыз.