Skip to main content

Ақпараттық хабарлама

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2019 жылғы 21 наурыздың сағат 14:00-ден бастап 23 наурыздың 23:00-ге дейін Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда жоспарлы жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.

Осыған байланысты келесі интернет ресурстар қолжетімсіз болады:

  • «Электрондық үкімет» порталы»;
  •  «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;
  • «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;
  • «Мобильді үкімет» қосымшасы;
  • «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  • «Техбайқау» міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  • «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;
  • «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі;
  • «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;
  • Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайты.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайты.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!