EGov порталы үздік мемлекеттік онлайн жоба деп танылды
EGov порталы Алматы қаласында өткен Қазнеттің 25 жылдығына арналған форумда "Үздік мемлекеттік онлайн-жоба" аталымы бойынша марапатқа ие болды. Форумға telecom-саласының, Интернет-медианың, киберспорттың ең танымал өкілдері, қазақстандық инфлюенсерлер қатысты.
Форум келесі тақырыптарға арналған бес панельдік сессиядан тұрды: "Қазнет тарихы", "Қазнет феномені ретінде Киберспорт", "Инфлюенсерлер", "Қазақстандағы E-commerce", "Social Media" және "Интернет-медиа".
Электрондық үкімет "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер кешенін көрсететін бірыңғай жүйе болып табылады. eGov.kz порталы арқылы қазақстандықтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-ға бару үшін уақытын жоғалтпай электронды түрде ала алады.
Бүгінгі күні порталда 272 қызметі қолжетімді және жыл соңына дейін олардың санын 339-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ 2006 жылдан бастап электрондық үкімет порталын қолдап отырады.
Сонымен қатар, форум аясында "Үздік Youtube-арна", "Үздік білім беру онлайн-жобасы", "E-commerce" және т. б. он аталым бойынша Qaznet Awards сыйлығы табыс етілді.