eGov.kz Порталына - 12 жыл
2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстанның электрондық үкімет порталына 12 жыл толды. Портал мемлекеттік қызметтерді алудағы бірыңғай терезесі ретінде іске қосылған.
Электронды үкімет порталы жұмыс істей бастаған сәттен бүгінгі күнге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ азаматтардың үйден шықпай-ақ ала алатын қызметтер мен сервистер тізбесін арттыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осылай, портал арқылы 12 жыл ішінде көрсетілетін қызметтер мен сервистердің саны 235-ке дейін артты, композиттік қызметтер пайда болды, 44 қызмет бір реттік құпиясөздердің (sms-пароль) көмегімен қолжетімді болды, 38 төлем түрлері порталда авторландырылмаған пайдаланушылар үшін онлайн режимге ауыстырылды, сондай-ақ «анықтамасыз қызметтер» – үшінші тұлғалармен ең белгілі анықтамаларды сұрату сервисіавтоматтандырылды.
Бүгінгі күні, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның eGov.kz порталы инфрақұрылымына 150-ден аса ақпараттық жүйелер мен деректер қоры интеграцияланған. Яғни, «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және азаматтар бірнеше мемлекеттік органдарға бармай-ақ бір ғана сұрау салу арқылы қызметтерді пайдалана алады.
Қазір, электрондық үкімет пайдаланушылардың жалпы саны 7,4 млн.-нан асты. Портал арқылы күн сайын 100 мыңнан аса қызметтер көрсетіледі.
Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көптеген артықшылықтары бар. Ең бастысы, бұл уақыт үнемділігі, мемлекеттік қызметтерді алу үшін үйіңізді немесе жұмыс орнын тастап кетудің қажеті жоқ.
Біріккен ұлттар ұйымының Дүниежүзілік рейтингінде электрондық үкіметті дамыту Индексі бойынша Қазақстан 33-ші орында, ал Азия елдері арасында 7 орында тұр.