eGov.kz порталында 20 қызмет электронды қолтаңбасыз қолжетімді болады
Азаматтардың тікелей қатысуынсыз мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуі туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен өткен отырыста талқыланды. Отырысқа Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсету ұстанымын ауқымды түрде жүзеге асыру 2018-2020 жылдары «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асыру жоспарланғандығын айтып, «жеке ұйымдар мен үшінші тұлғалар үшін электронды үкіметтің веб-порталы арқылы азаматтан жеке мәліметтер алуға сұраныс тетігі енгізілетін болады. 1 шілдеден бастап электронды үкіметтің веб-порталынан 20 мемлекеттік қызметті электронды цифрлық қолтаңбасыз алу мүмкіншілігі» жасалатындығын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсетудің аталған нысанын заңнамалық тұрғыда бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге салсақ, электронды үкіметтің порталында келесі хабарландырулар іске қосылған. Олар: куәландырушы құжаттың мерзімі өткендігі, жылымайтын мүлікке әкімшілік айыппұл салынғаны, балабақша кезегі нөмірінің өзгергендігі туралы хабарламалар. Сонымен қатар, биылғы жылдың сәуірінен бері электронды үкіметтің порталында, электронды қолтаңбасыз сотталмағаны туралы анықтаманы бір реттік sms-құпиясөз арқылы алу қызметі іске қосылды.Құпиясөзді алу үшін азаматтар сонымен қатар электронды үкімет порталының mGov мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.