Skip to main content

eGov.kz порталында сотталмағандығы туралы анықтаманы апостильдеу мүмкіндігі пайда болды

29.12.18 г., «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ пилоттық режимде апостильмен сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтаманың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Енді азаматтар көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін қалайтын өтініш берушімен анықтаманы апостильмен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалын таңдау мүмкіндігі болып табылады.

Бұл көрсетілетін қызмет eGov.kz порталыда электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою арқылы немесе СМС-пароль арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті) көрсетіледі.

Көрсетілетін қызмет «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде, «Жұмысқа орналастыру және жұмысты іздеу» қосымша бетінде қолжетімді. Қызметтің атауы «Сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама беру».

Осы көрсетілетін қызметті алу үшін «Онлайн көрсетілетін қызметке тапсырыс беруді» таңдау, ұсынылған нысанды толтыруы қажет.

Апостильмен анықтама алуға сұрау салу берген кезде Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын таңдау және мемлекеттік бажды төлеу қажет.

Естеріңізге саламыз, бұрын сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтамаға апостиль қою мүмкіндігі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ фронт-кеңселеріне жүгінген кезде көрсетілетін болатын.

Анықтама: Қазақстан қосылған Гаага Конвенциясының негізінде, Конвенцияға қатысушы елдердің бірінің мемлекеттік мекемелері беретін құжаттар оларға апостиль қойылған жағдайда консулдық ресмилендірусіз басқа қатысушы елде жарамды болып табылады.

                                                                                                                * * * * *

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, Деректер қорындағы («Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекенжай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Е-лицензиялау»,
«Е-техбайқау») ақпараттың қауіпсіз сақталуына жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Қосымша ақпарат үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ. Д.Қонаев к-сі 14/1

т.: +7-7172-740596

www.nitec.kz