Skip to main content

Елдің барлық мұнай өңдеу зауыттары «E-sapa» жүйесіне қосылды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 10.04.2019ж. Атырау қаласында өткен "Мұнай-газ саласын цифрландыру және қазақстандық қамту" конференциясында "E-sapa" жобасын таныстырды.

2019 жылғы 9 сәуірде "Атырау Мұнай және газ" көрмесі аясында компания мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу ақпараттық жүйесінің жұмыс қағидаттары мен тиімділігін көрсетті.

Жобаның негізгі мақсаты: көлеңкелі айналымды төмендету және көлеңкелі айналым форматында өнімді сатуды жүзеге асыру жолымен пайда немесе кіріс мүмкіндігін болдырмау.

Өткізілген конференцияның шеңберінде мұнай-газ саласының диджитализация трендтері қарастырылды. Қазіргі уақытта бұл "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еліміздің дамуының негізгі стратегиялық бағыты болып табылады, онда "ҰАТ" АҚ-да біздің мемлекетіміздің цифрлануын дамытуда ерекше рөл атқарады.

Нақты уақыт режиміндегі толықтыру үшін МӨЗ, ШМӨЗ және АЖС мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымының талдауы ұсынылды. "E-sapa" авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар. Жүйеге 3 мұнай өңдеу зауыты, қуаттылығы аз 17 мұнай өңдеу зауыты, 1784 автожанармай құю станциялары қосылды, бұл бүгінгі күні жалпы 320 заңды тұлғаларды құрайды.

Оның үстіне, бүгінгі күні жоба ҚР өңірлері бойынша кесіндісінде, ҚР ҚМ МКК АЖ-де деректерді беру, деректерді алу, ашықтығын қамтамасыз ету, есептерді генерирлау процесін автоматтандыруда өзінің тиімділігін білдіреді.

Бұрын мұнай өнімдерін есепке алу қолмен өлшеу арқылы жүргізілгенін, бұл салық төлеушілердің қызметінде ашықтықтың және АЖҚС-ға жеткізілетін мұнай өнімдерінің көлемінің болмауына әкеп соқтырғанын, атап өтеміз.

* * * * *

«ҰАТ» АҚ – «электрондық үкімет» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және МО бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ МО орталық және өңірлік ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. МО деректер қорында ақпаратты қауіпсіз сақталуына жауап береді. Фронттық қызмет – бұл «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Қосымша ақпарат алу үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар»  АҚ

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1

т.: +7-7172-740596 www.nitec.kz

www.nitec.kz