Енді контрафактілік алкоголь өнімін санаулы секундтарда анықтауға болады
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «e-Sapa» жаңа мобильдік қосымшасын әзірледі, оның көмегімен әрбір қазақстандық есепке алу-бақылау маркасының түпнұсқалығын және жеткізілетін алкоголь өнімінің заңдылығын анықтай алады.
Өнімді контрафактіге тексеру үшін пайдаланушы қосымшада сканерді ашып, есепке алу-бақылау маркасында орналасқан штрих кодқа смартфон камерасының фокусын дәл бағыттауы қажет. Марканы сканерлегеннен кейін, смартфон экранында «Код базада бар» деп аталатын бет ашылады және Өндіруші туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл өнімнің қауіпсіз және пайдалануға жарамды екенін білдіреді немесе кері ұғымды білдіретін «ЕБМ табылмады» деген Push-хабарлама келеді.
Егер марканы оқуда қиындықтар туындаса немесе марка бүлінген болса, онда «Қолмен енгізу» функциясын пайдалануға болады. Бұл функция арқылы Сіз алкоголь өнімін сериясы және шөлмектің мойын бөлігіндегі маркада көрсетілген нөмірі бойынша, AA – сериясы, 000000000 - нөмірі форматында тексере аласыз.
Мобильді қосымша - Play Market және App Store қосымшаларының дүкендерінде жүктеп алу үшін қолжетімді.
«e-Sapa» мобильдік қосымшасы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, белгіленбеген үлгідегі маркалармен алкоголь өнімін сатуға қарсы күрес және заңсыз алкоголь өнімін сатуды азайту аясында әзірленгенін атап өтеміз.