Skip to main content

Төтенше жағдай кезінде қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер танымал болып қалады? («42500» және ЭЦҚ қоспағанда)

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар 8,2 миллионнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін алды. Оның ішінде Электрондық цифрлық қолтаңбаны онлайн алу және «42500 жәрдемақы алуға»  өтінім беру қызметтері неғұрлым  танымал болып отыр.

Алайда,  азаматтар арасында әлі де сұранысқа ие болып отырған басқа да бірқатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бар.

Біз ең танымал деген мемлекеттік  көрсетілетін қызметтерге, оларды қалай алу туралы қысқаша ақпарат бере отырып, шолу жасаймыз.

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің  мекенжайларын анықтау (ТЖ режимі басталғаннан бері 130 мыңнан астам анықтама алынды).

Қызметті алу үшін Egov.kz порталында  авторизациядан өтіп, онлайн режимінде қызметке тапсырыс беру керек. Содан кейін өтінімді толтырып, жіберіңіз. Осыдан кейін Пайдаланушы «Қызметтерді алу  тарихы» бөліміндегі дайын анықтаманы оқи алады.

Толығырақ - https://egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/pass668_mir.

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпарат алу (шамамен 105 мың анықтама берілген).

Базалық зейнетақы мөлшерін есептеу қызметіне eGov.kz порталының басты бетінде тапсырыс беруге болады. Ол үшін кез-келген ыңғайлы әдіспен  (логин / пароль, ЭЦҚ, SMS паролі арқылы) авторизациядан өту қажет,  3 қарапайым қадамнан өтіп, анықтама  алыңыз. Дайын анықтама Жеке кабинеттің «Қызметтерді алу  тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Толығырақ - https://egov.kz/services/P6.13.2/.

Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманы ресімдеу (90 мыңнан астам анықтама).

Бұл қызметті eGov.kz порталынан онлайн режимінде ала аласыз, ол үшін авторизациядан өтіп, қызметке тапсырыс беру керек. Одан кейін өтінімді толтырып, оған  екі  әдіспен  ЭЦҚ немесе  SMS паролі арқылы қол қоюыңыз керек. Екінші әдіс үшін Мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Содан кейін 20 минут ішінде Порталдың жеке кабинетінде дайын анықтама көрінеді.

Толығырақ - https://egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/pass077_mu

Өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататындығын растайтын анықтама алу (шамамен 71,5 мың анықтама)

Бұл анықтаманы  алу үшін «Электрондық үкімет» порталында авторизациядан өту қажет, содан кейін   өтінімді  толтырып, оған ЭЦҚ қою керек. Пайдаланушының Жеке кабинетіне кіріп,  анықтаманы көре аласыз («Қызметтерді алу  тарихы» бөлімінде).

Толығырақ - https://egov.kz/cms/ru/services/family_support/pass175_mtszn

Зейнетақы жинақтарының  жай-күйі туралы ақпарат беру (70 мыңнан астам анықтама).

Egov.kz порталында жинақталған зейнетақы қаражатының санын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық кірістерді қоса алғанда) туралы ақпарат беру» қызметін пайдалану арқылы тексеруге болады.  Ол үшін Порталға кіріп  авторизациядан өту қажет, содан кейін  өтінімді  толтырып,оған  ЭЦҚ  қол қою қажет.  Бірнеше минуттан кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жиналған қаражаттың мөлшері туралы ақпарат шығады.

Толығырақ - https://egov.kz/cms/ru/services/pension/pass111_enpf

 

«Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 80 пайызы автоматтандырылғаны туралыестеріңізге сала кетейік. Оларды eGov.kz порталынан, eGovMobile мобильді қосымшасынан және Telegram, Facebook және ВКонтакте мессенджерлеріндегі чат-боттардан да алуға болады.