Skip to main content

Қазақстан астанасында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтті.

Қазақстан астанасында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтті. Жетекші IT-мамандар мен технологиялық кәсіпкерлер цифрлық даму саласындағы тәжірибе мен инновациялық шешімдер алмасу үшін бірыңғай диалог алаңына жиналды. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ форумға демеуші ретінде қатысты. 

Форум аясында «ҰАТ» АҚ басшылығы шетелдік компаниялармен бірқатар кездесулер өткізіп, одан әрі ынтымақтастық мәселелері мен бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды талқылады.

Сонымен қатар," ҰАТ " АҚ өз көрме стендін орнатты, онда біздің мамандар екі күн бойы eGov mobile жұмысын, сонымен қатарFacebook және ВКонтакте-дағы чат-бот сияқты жобаларымыздың жұмысын көрсетті және әрбір ниет білдіруші осы өнімдермен таныса алды.

 

Сондай-ақ, "Digital Bridge" аясында "Astana Hub Battle" технологиялық стартаптарына арналған жарыс өтті. Онда "ҰАТ" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов баттл жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, "Antidolg" жобасына үшінші орын үшін сыйлық табыс етті, ал Басқарма төрағасының орынбасарлары Ақан Сарманов пен Дәулет Бекманов қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды. Іс-шараның басты мақсаты ең үздік технологиялық стартап-жобаларды анықтау және бизнесті дамыту үшін оларды ақшалай сыйлықтармен марапаттау болып табылады.