Skip to main content

Қазақстан мен Өзбекстанның IT-флагмандары ынтымақтастық туралы келісті

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жобалық басқару агенттігі жанындағы электрондық үкімет және цифрлық экономика жобаларын басқару орталығы» ЖБТ арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қою рәсімі өтті.

Келісімнің мақсаты электрондық үкімет саласында Тараптар арасындағы теңдік, бірлесіп даму, өзара түсіністік, құрмет пен сенім қағидаттарында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Сондай-ақ, Келісім Тараптардың ұсынымдарды әзірлеуде, білім, тәжірибе және инновациялық шешімдермен алмасуда өзара іс-қимылына негіз болады.

«Келісімге қол қою бұдан әрі жемісті ынтымақтастықтың негізі болады» - деп «Электрондық үкімет және цифрлық экономика жобаларын басқару орталығы» ЖБК директоры Руслан Сұлтанов түсіндірді.

«Қазір цифрландыру елдер арасындағы интеграциялық процестерді ынталандырады. Әсіресе көрші мемлекеттермен өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықты орнату үшін жақсы негізі болып табылады» - «Зерде» ҰАХ» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Дүрмағамбетов атап өтті.

«ҰАТ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің бірыңғай операторы болып табылады. Бізде көптеген жобалар бар, біз бөлісуге дайын үлкен жинақталған тәжірибе бар» - деді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын 2018 жылғы 25 қазанда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Өзбекстан Республикасының «Электрондық үкімет» жүйесін дамыту орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2019 жылғы 10 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жобалық басқару агенттігі жанындағы «Электрондық үкімет және цифрлық экономика жобаларын басқару орталығы» жаңа мемлекеттік біртұтас кәсіпорны құрылды.

* * * * *

«ҰАТ» АҚ – «электрондық үкімет» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және МО бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ ақпараттық-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. МО деректер қорында ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін жауап береді. «Фронттық» қызметі – бұл «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), «Ашық үкімет» (open.egov.kz), қосымша mGov.kz (AppStoreGoogle Play), бот @EgovKzBot телеграммасы және ҚР Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

 

Ұлттық ақпараттық технологиялар " АҚ»

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

 

т.: +7-7172-740916, 740596 www.nitec.kz