Skip to main content

Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы шетелдік серіктестер аясын кеңейтті

15.04.2019 ж. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Беларусь Республикасының «Электрондық қызметтердің ұлттық орталығы» республикалық біртұтас кәсіпорнымен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығы жөнінде хабарлайды.

Меморандумға қол қою рәсімі «TIBO-2019» XXVI Халықаралық АКТ форумына қатысу шеңберінде Минск қаласында өтті.

«Осы Меморандумның мақсаты теңдік қағидаты, АКТ саласындағы бірлескен даму, ұсыныстар әзірлеу, білім, тәжірибе және инновациялық шешімдермен алмасу арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады», - деп түсіндірді Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Бекманов.

Меморандум шеңберінде тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға келісті:

- АКТ саласындағы бірлескен іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- бірлескен жобаларды құру және дамыту тұрғысынан консультациялар мен тәжірибе алмасудағы бірлескен қызметті жүзеге асыру;

- «Электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін құру, енгізу, қолдау және дамыту;

-мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің бизнес-өкілдерімен арасындағы интеграцияны жүзеге асыру;

- мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді ілгерілету бойынша тәжірибе алмасу;

- ІТ-сервистерді басқару бизнес-процестерін құру саласында ақпарат алмасу және тәжірибе алмасу;

- ынтымақтастықтың басқа да өзара келісілген бағыттары.

Қабылдаушы тарапқа «Ұлттық электрондық қызметтер орталығы» өкілдерінің қызығушылығын тудырған «Техбайқау» БАЖ, eSapa, eNotary сияқты «ҰАТ» АҚ инвестициялық жобалары таныстырылды. Одан басқа, әріптестік қатынастарды  дамыту шеңберінде тараптар арасында трансшекаралық растау/құжаттарға қол қою жоспарланып отыр. Бұл екі елдің азаматтарына қажетті құжаттарды онлайн режимде импорттау, ресімдеу және қол қою процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: 2012 жылы құрылған Беларусь Республикасының «Электрондық қызметтердің ұлттық орталығы»  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық оператор болып табылады.  

* * * * *

«ҰАТ» АҚ – «электрондық үкімет» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және МО бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және аймақтық МО ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. МО деректер қорында ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Қосымша ақпарат алу үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев к., 12/1

т.: +7-7172-740596

www.nitec.kz