Skip to main content

Қазақстанның Бірыңғай байланыс орталығына 7 жыл толды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Қазақстан Республикасының 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 7 жыл толғаны туралы хабарлайды.

Бірыңғай байланыс орталығы 2011 жылы 29 қарашада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Электрондық үкімет» call-орталығының негізінде құрылған.

7 жыл ішінде 22 млн. астам өтініш өңделген. Бұрын байланыс орталығына тек қоңырау шалуға ғана мүмкіндік болған болсам, енді 1414.kz сайты мен электрондық пошта арқылы сұрақ қоюға болады.

Сондай - ақ, азаматтардың ыңғайлығы үшін Кеңес-дауыстық көмекшісі енгізілді, ол адам тілін талдау және тану технологияларымен клиенттерге қызмет көрсету сапасынының жаңа деңгейге көшуіне және операторлардың жүктемесін 20% дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні 1414 операторлары тәулік бойы 686 мемлекеттік көрсетілетін қызмет пен сервистер бойынша консультация береді. Салыстыру үшін, 2011 жылы мұндай қызметтер саны тек 30 болған.

Азаматтарды көбінесе паспорттар, жеке куәліктер және жүргізуші куәліктерін беру, мекенжай анықтамаларын алу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, сондай-ақ бала туғанда және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау сұрақтары қызықтырады.

Бүгінгі күнде Бірыңғай байланыс орталығында 125 оператор жұмыс істейді, олар пайдаланушылар мен ел азаматтарының барлық қызықтырған сұрақтарына 24/7 режимінде жауап беруге дайын.

Күн сайын 1414 нөміріне 16-дан 18 мыңға дейін қоңырау келіп түседі, бір оператор күніне 200-ге дейін абонентке консультация береді. Ең жоғары кезеңдерде, мысалы, салық есептерін тапсыру кезеңінде кезде қоңыраулар саны 25 мыңға жетеді.

Байланыс орталығы өзінің қызмет еткен жылдары кезеңінде бірнеше рет өз саласындағы әртүрлі марапаттарға ұсынылды.

Соңғы марапаттардың бірі, 2017 жылы Мәскеу қаласында қазылар алқасының жоғары бағасын алып, «Хрустальная гарнитура» халықаралық байқауында «Мемлекеттік органдар мен ТКШ секторында халыққа қызмет көрсету бойынша үздік орталық» номинациясы бойынша жеңіске жетті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша консультация беру еліміздің кез келген нүктесінен, кез келген телефоннан тәулік бойы 1414 тегін нөмірі және +7 7172 701 998 (шетелдік қоңыраулар үшін ақылы) нөмірі бойынша қолжетімді екенін естеріңізге саламыз.