Skip to main content

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына @EgovKzBot арқылы кезекті брондауға болады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен ҚР Әділет министрлігі @EgovKzBot Telegram-ботында  жаңа үш қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Енді Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрата алады:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау;
  • «Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы» анықтама беру;
  • «Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы» анықтама беру.

Осылай, @EgovKzBot Telegram-бот арқылы қол жетімді қызметтердің саны 13-ке жетті.

Нақтырақ айтқанда:

  • Бот арқылы пайдаланушылар:

мекенжай, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы, тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы,  заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтамаларын сұрата алады.

  • Пайдаланушылардың келесі мүмкіндіктері бар: 

Әлеуметтік мәртебесін тексеруге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратпен танысуға,  емханаға тіркелуге, дәрігер қабылдауына жазылуға, дәрігерді үйге шақыруға және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондауға мүмкіндіктері бар.

@EgovKzBot іске қосылған сәттен бастап (21.05.18) 11 мыңнан астам адам жазылып, олар 11 151 рет қызметтерге сұрау салған.

«@EgovKzBot арқылы көрсетілетін қызметтердің саны бұдан әрі көбейеді. Барлық танымал қызметтерді осы платформаға көшіруді жоспарлап отырмыз. eGov.kz порталының белсенді пайдаланушылары мен басқа да азаматтарды бот мүмкіндерін қолдануға шақырамын. Өйткені шынымен де оңай әрі тез», - деп атап өтті Әсет Тұрысов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, қызметті алу үшін «Мобильдік азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзінің гаджетінде, Telegram мессенджердегі  ботты іске қосу жүзеге асырылады. Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және  сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады.

@EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаған кезде тәулік бойы 1414 нөмірі арқылы тегін кеңес беретін Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады.