Квазимемлекеттік ұйымдар мемлекеттік органдардың хат айналымына қосылды
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша квазимемлекеттік сектордың ҚР МО электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне (ЭҚАБЖ) қосылғаны туралы хабарлайды.
Жүйелерді интеграциялаудың басты мақсаты:
- қағаз жүзіндегі құжат айналымды қысқарту;
- пошталық шығындарға бөлінетін бюджеттік қаражатты қысқарту;
- іс қағаздарын жүргізу процестерінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру;
- электрондық құжаттарды іздеу және бағыттау;
- құжаттарды жеткізу уақытын үнемдеу.
Енді квазимемлекеттік ұйымдар, интеграция болған жағдайда мемлекеттік органдармен цифрлық форматта хат алмасып хабарласа алады.
«ҰАТ» АҚ және «Documentolog» ЖШС бірлесіп интеграцияны табысты жүргізгеннен кейін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мен «Зерде» ҰИХ» АҚ ведомствоаралық хат алмасуға бірінші болып қосылды.
Әсет Тұрысов, «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы: Ағымдағы жылдағы 9 ай ішінде кіріс және шығыс хаттардың көлемі 51,5 мыңнан астам хатты құрады. Біздің компания мысалында, электрондық хат айналымға 100% өту пошталық шығындарға, ай сайын орташа есеппен 1,4 млн. теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді, ал жыл ішінде үнемдеу көлемі шамамен 17 млн. теңгені құрауы мүмкін. Қазіргі уақытта ведомствоаралық электрондық құжат айналымына 74 орталық МО мен олардың комитеттері, 1 609 аумақтық МО және ЖАО 2 37О мемлекеттік мекемесі қатысады».
«Біз DOC24 шлюзінің ақпараттық қауіпсіздігін аттестаттау бойынша жұмыстарды жүргіздік, сондықтан ресми электрондық хат айналымына қосылғысы келетіндерге Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік аттестаттауын өту міндетті емес, біз барлық қажетті жұмыстарды өзіміз жасаймыз. DOC24 шлюзі арқылы ЭҚАЖ-cін ЭҚАБЖ-не қосылу туралы барлық сұрақтар бойынша documentolog.kz сайты арқылы хабарласу қажет», - деп «Documentolog» ЖШС бас директоры Байжан Қанафин атап өтті.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына» сәйкес ақпараттық қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өткен әрбір мемлекеттік емес ұйым, мемлекеттік жүйелермен интеграциялана алады.