Skip to main content

Мемлекет Басшысы үлкен деректерді жинау, талдау және болжаудың бірыңғай орталықтандырылған құралымен таныстырылды

2020 жылғы 4 наурызда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды цифрландыру жөнінде кеңес өткізді, оның барысында «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі көрсетілді.

Бүгінгі таңда 10 жеке кейс іске асырылып, мемлекеттік органдардың 41 ақпараттық жүйесі қосылды. Жыл соңына дейін олардың санын 100-ге дейін арттыру және барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді алу мен көрсетуді автоматтандыру жоспарланып отыр.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп талдау шешімдерін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру және 50-ге жуық жеке кейстерді іске асыра отырып, 15 бағытты қамту болжануда.

«SmartDataUkimet - бұл жоба барлық МО-дан және түрлі көздерден ақпарат жинауға, осылайша, жасанды интеллект алгоритмдерін қолдана отырып, сараптама жасауға және мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық болжам жасауға мүмкіндік береді. Ал, ең бастысы - делдалсыз ақпарат алуға мүмкіндік туындайтын болады, яғни ең дәл, тікелей және жедел» - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Үлкен деректерді талдау ел экономикасын дамыту мен оңтайландырудың қажетті шарты болып табылады. Осы кезеңде талдау деректері негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер ұйымдық және экономикалық елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау, қаржы, білім беру, әлеуметтік қорғау салаларында 10 кейс іске асырылды және жиынтық экономикалық тиімділік қазірдің өзінде 187 млрд. теңгені құрады.