Көлік иелеріне ыңғайлы жаңалық: eGov mobile мобильді қосымшасы техникалық байқау құжатының мерзімі өткені туралы push-хабарламалар жібереді
Қазақстандықтар бүгіннен бастап push-хабарламалардың жаңа түрін алатын болады. Хабарламалар диагностикалық тексеру картасының жарамдық мерзімі аяқталғаны туралы алдын ала хабарлайды.
Жаңартулар азаматтарға құжаттың жарамдылық мерзімі туралы 30 күн бұрын ескертуге мүмкіндік береді. Жіберілген push-хабарламалар eGov mobile мобильді қосымшасының «Хабарламалар» бөлімінде қолжетімді.
Егер мобильді қосымша орнатылмаған болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктуге сілтемесі бар 1414 нөмірінен қосымшаға жаңа хабарлама келгені туралы SMS жіберіледі.