Әсет Тұрысов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ директорлар кеңесінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы №198 шешімімен компанияның Басқарма төрағасы болып Тұрысов Әсет тағайындалды. Бұрын Ә.Н.Тұрысов «Қазпошта»АҚ басқарушы директоры лауазымында қызмет атқарған.
Тұрысов Әсет Нұрланұлы 1987 жылғы 10 қарашада Москва қ. дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу бакалавры» мамандығын бітірді. 2017 жылы «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша «Нархоз» университетін бітірді.
Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық жүйелер дирекциясының операциялық жүйелерді басқару бөлімінің инженер-жүйе әкімшісі лауазымынан бастады.
2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болып қызмет етті.
2014 жылғы мамырдан бастап қыркүйекке дейін Астана қ. «Халыққа қызмет ету орталығы» РМК басқарушы директор лауазымында жұмыс атқарды.
2014 жылғы қыркүйектен бастап 2018 жылғы қаңтарға дейін «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры лауазымында қызмет етті.
2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып табылады.
2018 жылғы 29 қаңтардан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарама төрағасы болып тағайындалды.