Әскери қызметшілер енді қызметтік тұрғын үйді жалға беру шартын жасау және ұзарту қызметін eGov.kz порталында онлайн режимінде ала-алады
Енді әскери қызметшілерге қызметтік баспананы жалға алу шартын алу үшін құжаттар тізімімен жұмыс орнына барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Әскери қызметшілер eGov.kz порталы арқылы қызметтік тұрғын үйді жалдау шартына онлайн қол қойып, ұзарта алады.
Қызметті алу үшін eGov.kz порталындағы «Азаматтар» → «Әскери есеп және қауіпсіздік» → «Әскери қызмет» бөліміне өтіп, «ҚР Қарулы күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту» қызметін таңдау қажет. Содан кейін жүйеге кіріп, барлық қажетті өрістерді толтырыңыз және қолжетімді әдісті пайдаланып қол қойыңыз. Қызмет тегін көрсетіледі, ал қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.
ҚР Қорғаныс министрлігінің, ЦДИАӨМ-нің және «ҰАТ» АҚ-ның ынтымақтастығының арқасында бұл көрсетілетін қызмет пайдаланушылар үшін қолжетімді болды.