«Электрондық үкімет» порталы

Бастапқы кезеңде сайт мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық сипатта болды. Жылдар өте сайт трансформацияланды, "электрондық үкімет" порталында әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен төлем сервистерін іске қосу жұмыстары жүргізілді. Портал пайдаланушысына жеке кабинетте дербес деректерден басқа "Әскери қызметке қатынас", "Электрондық денсаулық паспорты", "Еңбек қызметі", "Электрондық үй кітабы" сияқты бөлімдер және пайдаланушы туралы басқа да көптеген мәлімет қолжетімді.