Skip to main content

ХҚКО интеграцияланған ақпарттық жүйесі

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚҚО ЫАЖ) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен, сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволар арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызметтер көрсету процесін автоматтандыруға арналған.

Жобаны іске асыру мерзімі:

  • 2008 жыл - бастамашылық (құру) - 1-кезең;
  • 2010 жыл - тәжірибелік пайдалану -2 кезең;
  • 2011 жыл - өнеркәсіптік пайдалану - 3 кезең;
  • 2012 - 2013 жылдар - ХҚКО ЫАЖ дамыту
  • 2014 - 2018 - ХҚКО ЫАЖ сүйемелдеу

Жобаның мақсаты ҚР азаматтарына ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

ХҚКО ЫАЖ құрудың мақсаты жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету процестерін жеделдету арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады. Азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметтерін алу ыңғайлылығын арттыру мемлекеттік қызметтерді дамытудың басым бағыты болып табылады. Халыққа қызмет көрсетуді автоматтандыру осы саладағы мемлекеттік жоспарлау мен бақылаудың сапалы жаңа деңгейіне өту үшін қажетті алғышарттар жасайды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін автоматтандырудың кешенді жүйесін енгізу ХҚКО жұмысының тиімділігін едәуір арттырады, "бір терезе" режимінде азаматтардың өтініштерін басқарудың қуатты және икемді жүйесін құруға мүмкіндік береді, халықтың сұрау салуларын өңдеу процесін жеделдетеді және регламенттердің орындалуына дамыған мониторинг пен бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте ХҚО ЫАЖ ХҚО автоматтандыру бойынша іске асырылған шешімдерге нақты толықтыру болады және халыққа қызметтер көрсету жөніндегі ақпаратқа қол жеткізу мен басқарудың бірыңғай нүктесіне айналып, ХҚО арқылы азаматтармен өзара іс-қимыл жасайтын кез келген мемлекеттік орган үшін "бір терезе" қағидатын барынша тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру міндеті шешілуде.