Egov mobile мобильді қосымшасы

Электронды үкіметтің мобильді қосымшасы «eGov Mobile» - бұл eGov.kz жаңартылған экожүйесі, ол мобильді құрылғылар арқылы мемлекеттік қызметтер мен сервистерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. eGov Mobile мобильді қосымшасының арқасында азаматтар үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтер мен сервистерді тез әрі ыңғайлы түрде ала алады, смартфондарында цифрлық үкіметтің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.