QazTech платформасы

QazTech платформасы – мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өмірлік циклының әр кезеңінде бірыңғай стандарттарды қамтамасыз етеді. QazTech – бұл әзірлеу, басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары бар бұлттық шешім. Ол ақпараттық жүйелерді құруды, жаңғыртуды және жетілдіруді жеңілдетеді.
QazTech платформасы технологиялық тұрғыдан алғанда алты негізгі модульден тұрады: Cloud platform модулі, Development platform модулі, Qaztech UI components модулі, Identity platform модулі, Qaztech bus модулі (интеграциялық шина) және Security platform модулі.