Skip to main content
  • eGov.kz порталында 18 жаңа салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуге болады

    eGov.kz порталында 18 жаңа салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуге болады

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетімен бірге eGov.kz порталында «Салықтармен және басқадай міндетті төлемдерді бюджетке төлеу» қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.

    Бұл қызмет салық төлеушілерге (жеке және заңды тұлғаларға) 18 түрлі салықтарды және міндетті төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді.

    1.  Корпоративтік табыс салығы (2 түрде);

    2.  Жеке табыс салығы (3 түрде);

    3.  Әлеуметтік салық;

    4.  ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар;

    5.  Жер салығы (2 түрде);

  • Хабарландыру

    Хабарландыру

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2018 жылғы 4 тамыз күні сағат 21.00-ден бастап 5 тамыз күні 09.00-ге дейін, телекоммуникациялық құрал-жабдықтарында жоспарлы профилактикалық жұмыстарының жүретіні туралы хабарлайды.

    Осыған байланысты Сізге келесі интернет-ресурстар қысқа мерзімде қолжетімсіз болуы мүмкін: 

    - Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы; 

    - "Электрондық үкімет порталы";

    - "Е-лицензиялау" порталы;

    - "Электрондық үкіметтің төлем шлюзі";

    - ҚР Бірыңғай нотариаттық ақпарат жүйесінің сайты;

  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарына @EgovKzBot арқылы кезекті брондауға болады

    Халыққа қызмет көрсету орталықтарына @EgovKzBot арқылы кезекті брондауға болады

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен ҚР Әділет министрлігі @EgovKzBot Telegram-ботында  жаңа үш қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

    Енді Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрата алады:

  • Хабарландыру

    Хабарландыру

    Құрметті пайдаланушылар!

    Бағдарламалық жасақтамада жаңарту жұмыстарының жүруіне байланысты, «электронды үкіметтің» мобильді қосымшасы, сонымен қатар 1414 номері бойынша смс-хабарламаларды жіберу және алу сервисі бүгін сағат 21:00-ден ертеңгі 03:00-ге дейін қолжетімсіз болады.

    Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

  • Хабарландыру

    Хабарландыру

    "Ұлттық ақпараттық теxнологиялар" АҚ Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жақсарту мақсатымен жүргізілген теxникалық жұмыстардың сәтті аяқталғаны (11-12 тамыз) туралы xабарлайды.

    Мемлекеттік органдар тарапында сервистердің жұмысқа қабілеттігіне қосымша тексеру жұмыстарының жүруіне байланысты бүгін (13 тамыз) мемлекеттік қызметтер қысқа мерзімде қолжетімсіз болуы мүмкін екенін ескертеміз.

  • Электронды-цифрлық қолтаңба кілттерінің мерзімі 3 жылға ұзартылды

    Электронды-цифрлық қолтаңба кілттерінің мерзімі 3 жылға ұзартылды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электронды-цифрлық қолтаңба кілттерінің мерзімі 3 жылға ұзартылғаны туралы хабарлайды.

    Мемлекеттік қызметтерді алушылар тіркеу куәліктерінің (ЭЦҚ кілттері) жеке куәлік, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, Akey сияқты қорғалған тасымалдылаушылардағы негізгі ақпарат 3 жылға дейін сақталады.

    Файлдық жүйеге шығарылған ЭЦҚ кілттерінің жарамдылық мерзімі өзгермейді, яғни 1 жылға тең болып қала береді. Өйткені файлдық жүйе сертификатталғандар санатына жатпайды, әрі жабық кілттерді ұзақ уақыт қауіпсіз сақтауға мүмкіндік бермейді.

  • Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ «WhatsApp»​ желісінде 1991 жылдан 2018 жылға дейін жұмыс істеген адамдар eGov арқылы қаражатты қайтара алады деп таратылған ақпараттың жалған екенін жариялайды. Бұл ақпарат шындыққа сай емес болғандықтан, азаматтарды ылаң салушы ақпаратқа сенбеуді сұраймыз.

  • Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    Құрметті пайдаланушылар!

    "Ұлттық ақпараттық теxнологиялар" АҚ 2018 жылғы 29 тамызда сағат 00:01- ден бастап 09:00-ге дейін, телекоммуникациялық құрал-жабдықтарында жоспардан тыс профилактикалық жұмыстарының жүретіні туралы хабарлайды.

    Осыған байланысты келесі интернет-ресурстар қысқа мерзімде қолжетімсіз болуы мүмкін:

    — ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы;

    — "Электрондық үкімет порталы";

    — "Электрондық үкіметтің төлем шлюзі";

    — ҚР Бірыңғай нотариаттық ақпарат жүйесінің сайты;

    — "Е-лицензиялау" МДБ;

    — «Ашық үкімет» порталы;