Skip to main content
  • eGov.kz шағын бизнеске кредитке кепілдік беруіне көмектеседі

    eGov.kz шағын бизнеске кредитке кепілдік беруіне көмектеседі

    03.06.2019 ж. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлер үшін «сыйлықақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидиялау беру» деген тағы бір қызметінің іске қосылғанын хабарлайды» Басқаша айтқанда, бизнеcмен "Даму" Қорынан кредит мақұлдауына eGov.kz арқылы онлайн өтінім бере алады.

    Порталдағы қызмет пайдаланушының Қаржы агенттігіне жүгіну уақытын және құжаттар санын қысқартумен ыңғайлы. Кәсіпкердің қызметін Жүйе мемлекеттік деректер қорынан өзі тексереді.

  • Қазақстандықтар анықтамаларды жаңаша алуда

    Қазақстандықтар анықтамаларды жаңаша алуда

    07.06.2019 ж. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп eGov.kz порталында қазақстандықтар үшін аса сұранысқа ие болған, көптен күткен бірқатар қызметтерді іске қосты. Тек соңғы бес айда наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан анықтама алу қызметтері ТОП-10 танымал қызметке шықты.

    Бұл анықтамалар жұмысқа қабылдау, жүргізуші куәлігін алу және басқа да өмірлік жағдайлар кезінде қажет.

  • Қазақстан мен Өзбекстанның IT-флагмандары ынтымақтастық туралы келісті

    Қазақстан мен Өзбекстанның IT-флагмандары ынтымақтастық туралы келісті

    Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жобалық басқару агенттігі жанындағы электрондық үкімет және цифрлық экономика жобаларын басқару орталығы» ЖБТ арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қою рәсімі өтті.