Skip to main content
  • «ҰАТ» АҚ-ғы балаларды қорғау күні

    «ҰАТ» АҚ-ғы балаларды қорғау күні

    Жаздың басы еліміздің ең жылы және көңілді мерекелерінің бірі - Халықаралық балаларды қорғау күнімен сәйкес келеді. 1 маусымда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ – да NITEC Kids іс-шарасы-компания жұмыскерлерінің балаларына арналған Ашық есік күні өтті. Балалар ата-аналарының кәсіби қызметімен танысып, жұмыс орындарында отыра алды және жұмыста не істейтінін білді.

  • Ashyq eGov mobile-да қолжетімді болды

    Ashyq eGov mobile-да қолжетімді болды

    Қазақстандықтарға кафе, кинотеатрлар, фитнес-клубтар және басқа да қоғамдық орындарға кіру үшін eGov mobile қосымшасының басты бетіндегі Ashyq белгішесін шертіп, мекемеге кіре берістегі QR-кодты сканерлеп, мәртебесін көрсету жеткілікті.

  • Енді цифрлық құжаттарды Halyk Bank-те пайдалануға болады

    Енді цифрлық құжаттарды Halyk Bank-те пайдалануға болады

    eGov mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисінің арқасында Halyk Bank клиенттеріне банк бөлімшелерінде қаржылық қызметтерді алу үшін жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ. Мұндай мүмкіндікті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіжәне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы Халық банкімен бірлесіп іске асырды.

  • ХАБАРЛАНДЫРУ!

    ХАБАРЛАНДЫРУ!

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Заңы 1-бабының 1-тармағына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құруды жоспарлауда.

    «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құрудың негізгі мақсаты - қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және «ҰАТ» АҚ қызметінің ашық болуын қамтамасыз ету, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды дамыту.

  • «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының №1 отырысы

    «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының №1 отырысы

    ХАБАРЛАНДЫРУ!

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмысты бастайды.

    Жұмыс тобының 2021 жылғы 25 маусымда өткен отырысының №1 шешімімен Жұмыс тобының құрамы мен жетекшісі БЕКІТІЛДІ.

    ҚҰРАМЫ:

    Жұмыс тобының жетекшісі:

    Мұқитанов Данияр Ерланұлы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті.