Skip to main content
  • Білім туралы құжаттардың төлнұсқалығын eGov Mobile мобильді қосымшасында тексеруге болады

    Білім туралы құжаттардың төлнұсқалығын eGov Mobile мобильді қосымшасында тексеруге болады

    Білім туралы құжаттарды тану қызметі енді eGov Mobile мобильді қосымшасында да қолжетімді. Бұл азаматтарға орта және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын тікелей мобильді құрылғыдан оңай тексеруге мүмкіндік береді. Бұған дейін қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.

  • eGov Mobile арқылы қазақстандықтар құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан 10 жылға дейін бас тарта алады

    eGov Mobile арқылы қазақстандықтар құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан 10 жылға дейін бас тарта алады

    Бұрын пайдаланушылар 6 айдан 12 айға дейін тыйым салу мерзімін таңдай алатын болса, енді құмар ойындар мен бәс тігуден өз бетінше бас тартудың ең жоғары мерзімі 10 жылға ұзартылды. Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында алуға болады.

  • Қамқорлықтағы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу енді eGov.kz порталында қолжетімді

    Қамқорлықтағы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу енді eGov.kz порталында қолжетімді

    Енді 18 жастан асқан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың қорғаншылары өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталы арқылы тіркей алады. Бұған дейін бұл қызмет тек халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерінде офлайн режимде көрсетілетін.

    Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету – eGov.kz порталының басты міндеттерінің бірі. Енді жаңартылған қызметтің арқасында тіркелімге өтінімді үйден шықпай-ақ, бірнеше қадам арқылы оңай беруге болады. Бұл уақытты үнемдеп, қызметті алуды әлдеқайда ыңғайлы етеді.

  • Қазпошта сервистері eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

    Қазпошта сервистері eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

    EGov Mobile мобильді қосымшасында «Qazpost» онлайн сервистері қолжетімді болды. Осының арқасында қазақстандықтар шетелдік маркетплейстерден тауарларға тапсырыс бере алады және қажет болған жағдайда кедендік құжаттарды ресімдей алады.

    «Qazpost» сервисі Қазақстан азаматтарына Amazon, AliExpress және басқа да жетекші әлемдік платформаларда халықаралық сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның ішіне екі бағыт кіреді: Keruen дропшиппинг – АҚШ, Еуропа және Қытайдан жеткізу және Keden – кедендік декларация.

  • Қазақстандықтар eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы газға қосылуға өтініш бере алады

    Қазақстандықтар eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы газға қосылуға өтініш бере алады

    Енді жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік нысандарының иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде ала алады. Қызмет «QazaqGaz Aimaq» АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады.

    Газға қосылуға арналған техникалық шарттар — бұл объектіні газ тарату жүйесіне қосу мүмкіндігін растайтын ресми құжат. 

  • eGov.kz порталында қорғаншылар мен қамқоршылардың мәртебесін тексеруге арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды

    eGov.kz порталында қорғаншылар мен қамқоршылардың мәртебесін тексеруге арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды

    eGov.kz порталында қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамаларды сұратуға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Бұл қызмет жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршылары туралы ақпаратты алу процесін жеңілдетеді.

  • Шетелге шығуға тыйым салудың бар-жоғын жедел тексеру үшін eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасын пайдалануға болады

    Шетелге шығуға тыйым салудың бар-жоғын жедел тексеру үшін eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасын пайдалануға болады

    Шетелге сапар жоспарлаған кез келген адам өз жоспарына ешқандай кедергі болмайтынына сенімді болғысы келеді. Алайда, түрлі қарыздар шетелге шығуға шектеу қоюға себеп болуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін азаматтар елден шығуға тыйым салудың бар-жоғын eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы жедел тексере алады.