Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы No 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Талдау нәтижелері бойынша компания анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Бұдан басқа, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес «ҰАТ» АҚ-да компанияның қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылық пен моральдық нұсқаулар жүйесін құру арқылы көрсетілген салада «ҰАТ» АҚ қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бекітілді.
Жалпы, «ҰАТ» АҚ-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа және Компанияның корпоративті этика кодексіне сәйкес жұмыскерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға, сондай-ақ компания қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді.