Skip to main content

Бекманов Дәулет Нысанқұлұлы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы

Туған жылы мен күні: 1983 жылғы 20 қараша.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі:

2004 жылы «Мирас» жеке университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 2005 жылы «Медиа Софт Астана» ЖШС-да инженер-жүйелі техник қызметінде бастаған.

2006 жылғы қазан - 2011 жылғы қазан аралағында - ҚР Ұлттық архивінің Ақпараттық архивтік технологиялар бөлімінің маманы, «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС жетекші маманы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бас аналитигі болып жұмыс істеді.

2011 жылғы қазан - 2018 жылғы қыркүйек аралығында - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінде, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2018 жылғы қыркүйек - 2020 жылғы ақпан аралығында - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2020 жылғы ақпан - 2023 жылғы мамыр аралығында – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы.

2023 жылғы мамыр - 2025 жылғы шілде аралығында - «Қазпошта» АҚ-ның Пошта сервисі мен мемлекеттік қызметтер жөніндегі басқарушы директоры.

2025 жылғы 2 шілдеден бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды.

Қосымша жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік: жоқ.

Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.