АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының желісіндегі техникалық ақауға байланысты «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін бірқатар сервистердің уақытша қолжетімсіз екенін хабарлайды.
Осыған байланысты, eGov.kz порталының компоненттері мен eGov Mobile қосымшасының, E-license және Ашық Үкімет порталының, Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының және «ҰАТ» АҚ басқа жобаларының пайдаланушыларына жүйелердің жұмысында ішінара қолжетімсіздік болатынын хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ мамандары бар күшін салып, сервистерді толық қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр және жұмыстардың жақын арада аяқталуын жоспарлауда.
Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банк қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алуға уақытша қолжетімсіздік болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.
Уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз.