Skip to main content

eGov Business – кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қызметтер

Шағын және орта бизнес өкілдері eGov Business мобильді қолданбасының көмегімен мемлекеттік қызметтер мен сервистерді пайдалана алады. Қолданбаны App Store және Play Market қолданбалар дүкендерінен жүктеп алуға болады және IOS пен Android мобильді құрылғыларында жұмыс істейді.

eGov business мобильді қолданбасы «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Оның көмегімен әр түрлі мемлекеттік қызметтер заңды тұлғаларға тікелей смартфондардан қол жетімді. eGov Business пайдаланушылары енді бірнеше рет басу арқылы заңды тұлғаның бірінші басшысын тіркей алады, ЭЦҚ шығаруға өтінім бере алады, QR арқылы түрлі құжаттарға қол қоя алады және тағы басқасы. Қолданбада барлығы 33 eGov қызметіне және eLicense порталының 399 қызметіне (80 лицензияны, 266 рұқсатты, 52 хабарламаны және 1 анықтаманы қоса алғанда) қолжетімділік ұсынылады.

Мобильді қосымшада жеке кабинет ретінде жұмыс істейтін және оған кіретін бірінші басшының профилі де қол жетімді:

- заңды тұлға туралы ақпарат;

- филиалдар мен лицензиялар туралы деректер;

- басқа заңды тұлғаларға қатысқан жағдайда еншілес компаниялар туралы ақпарат;

- заңды тұлғаның мүлкі туралы құжаттар мен деректер.

Сондай-ақ eGov Business қолданбасында бизнеске клиенттік базаны кеңейтуге көмектесу үшін құрылған отандық өндірушілерге арналған бөлім бар. Қолданба кәсіпкерлерге нақты тауар түрі мен саланың әлеуетті сатып алушылар базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әлеуетті сатып алушылар туралы ақпарат Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (ТНВЭД) базасы негізінде қалыптастырылады. Базаға кіру компанияның бірінші басшыларына SMS-хабарламалардағы сілтеме арқылы беріледі. Мүдделі болған жағдайда кәсіпкерлер SMS-хабарламада көрсетілген нөмірге жүгіне алады немесе әлеуетті сатып алушылардың сайттарымен таныса алады. Осы опцияның арқасында отандық өндірушілер жаңа сатып алушыларды тиімдірек тауып, тарта алады.

Бұдан басқа пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov Business мобильді қолданбасында ГОСТ 2015 жаңа форматы бойынша ЭЦҚ шығару көзделген. Пайдаланушылар құжаттарға 4 таңбалы PIN коды арқылы немесе кіріктірілген биометрия (Face ID/Touch ID) арқылы қол қоя алады.

eGov business мобильді қосымшасы іске қосылғаннан бері оны 45 мыңнан астам рет жүктеген. IOS қолданушыларының саны 31 мың, ал Android 15,2 мың болды.

 ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында қолданба іске қосылды.